< Предыдущая Стр 23 из 39 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 > >> Астана – Қазақстанның ел ордасы Астана қоныс тепкен мекеннің негізі 1830 жылы қаланған. Ол киелі Сарыарқа даласының төсінде, көшпелілердің ежелгі өркениеті осыдан бастау алады. Астана – Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтардың туған мекені. 1832 – 1961 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды, ал КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі қабылданды. Сөйтіп Қазақстанда жаңа астана пайда болды. Қаланың аты жаңаша – Астана деп аталды. Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген университеттер, институттар, колледждер бар. Астана Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда Президент резиденциясы, Парламент ғимараты және Үкімет орналасқан. Астана – алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда көптеген ғимараттар салынып, орталық көшелер қайта жаңаланды. ХХІ ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ. Жаңа сөздер: